Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі Әсел Жанасова қоғамдық көлікте балалар арбасымен жүруге қатысты ата-аналардың сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды otirikemes.kz
Министрдің айтуынша, қоғамдық көлікте балалар арбасымен жүруге ешқандай шектеу қойылмаған. Ата-аналар автобуста арбаны жинамай-ақ жүре алады.
Егер мүмкіндік болса, арбаны жинап қоюға болады. Алайда бұл міндетті талап емес. Бала ұйықтап жатса немесе арбаны жинау қолайсыздық тудырса, қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, оны ашық күйінде алып жүруге рұқсат етіледі.
Әсел Жанасова ата-аналарды кішкентай баласымен бірге қоғамдық көліктен түсуге немесе арбасын жинауға ешкім мәжбүрлей алмайтынын атап өтті.
Министрдің сөзінше, балалы отбасылар үшін қоғамдық көліктің қолжетімді әрі ыңғайлы болуы маңызды. Осыған байланысты ата-аналардан түскен өтініштер мен сауалдар ескеріліп, ережелерді қайта қарау туралы шешім қабылданған.
Бұл қадам қоғамдық көлікті пайдалану кезінде екіұшты түсініктердің алдын алып, жолаушылардың қауіпсіздігі мен қолайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған.