21 қараша 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Әлем

Круиздік лайнерде 148 адам белгісіз аурудан зардап шекті

Круиздік лайнерде 148 адам белгісіз аурудан зардап шекті
ЖИ көмегімен жасалған

Кариб теңізінде сапарға шыққан Caribbean Princess круиздік лайнерінде жаппай ауру тіркелді. Кемедегі 134 жолаушы мен 14 экипаж мүшесі өзін жайсыз сезінген, деп хабарлайды otirikemes.kz шетелдік БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Мамандардың мәліметінше, науқастарда негізінен құсу мен іш өту белгілері байқалған.

Ауру белгілері анықталған адамдар оқшауланып, кемеде тазалық пен дезинфекция жұмыстары күшейтілді. Сонымен қатар аурудың нақты себебін анықтау үшін зертханалық талдауға сынамалар алынған.

Соған қарамастан, круиздік лайнер сапарын белгіленген кесте бойынша жалғастырып жатыр. Кеме 23 қарашада Флоридаға оралуы тиіс.

Ұқсас жаңалықтар