21 қараша 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Қоғам

Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты жаппай ереуіл өтті

Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты жаппай ереуіл өтті
Әлеуметтік желілерден

Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты жаппай наразылық акциялары өтті, деп хабарлайды otirikemes.kz

Елдің түкпір-түкпірінде ұйымдастырылған ереуілге төрт миллионға жуық жұмысшы қатысқаны хабарланды. Олар баспана бағасын қолжетімді етуді және жалақыны көтеруді талап етті.

Әлеуметтік желілерден


Наразылық білдірушілер зауыттар, базарлар мен көлік тораптарының кіреберістерін жауып, пикеттер ұйымдастырған. Бұл соңғы 14 жылдағы Испанияда өткен алғашқы жалпыұлттық ереуіл екені айтылды.

Жаппай наразылықтар мен ел аумағында пайда болған шатырлы қалашықтар жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдайға қоғам назарын аударды.

Соңғы жылдары тұрғын үйлер туристерді орналастыру, алыпсатарлық мақсатта пайдалану және қысқа мерзімге жалға беру нысанына айналып барады. Соның салдарынан соңғы он жылда Испанияда жалдау ақысы 80 пайызға, ал тұрғын үй бағасы 63 пайызға өскен.

Айта кетейік, наразылықтар елдегі сайлау қарсаңында өтіп жатыр. Сайлау нәтижесінде билікке әсіре оңшыл саяси күштердің келуі мүмкін екені хабарланды.

Ұқсас жаңалықтар