22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Экономика

ІІМ тасжолдағы қате айыппұлдарға қатысты түсініктеме берді

ІІМ тасжолдағы қате айыппұлдарға қатысты түсініктеме берді
Pexels

Ішкі істер министрлігі тасжолдарда жүргізушілерге қате рәсімделген жылдамдық айыппұлдарына қатысты жағдайды түсіндірді.

ІІМ мәліметінше, 13-14 тамызда Бас прокуратураның «ЕРАП» ақпараттық жүйесінде техникалық ақау болған. Соның салдарынан кейбір жүргізушілердің орташа жылдамдықты асыру фактілері қате рәсімделген.

Қазір ақаудың салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қате тіркелген нұсқамалардың барлығы анықталып, автоматты түрде жойылады.

Жүргізушілерге полицияға барудың, арыз жазудың немесе айыппұлдың қате екенін дәлелдеудің қажеті жоқ.

Ал қате айыппұлды төлеп қойған жүргізушілердің ақшасы қайтарылады. ІІМ бұл мәселе қазір пысықталып жатқанын мәлімдеді. Министрлік бұл жағдайдың тек аталған техникалық ақаудың салдарынан тасжолдарда қате рәсімделген айыппұлдарға қатысты екенін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар