21 қараша 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Саясат

Ерлан Ақкенженов коммуналдық қызметтерге ай сайын қанша төлейтінін айтты

Ерлан Ақкенженов коммуналдық қызметтерге ай сайын қанша төлейтінін айтты
Бейнежазбадан скриншот

ҚР энергетика министрі Ерлан Ақкенженов коммуналдық қызметтерге ай сайын қанша қаражат жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды otirikemes.kz tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап

Министр бұл туралы Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте мәлімдеді. Оның сөзінше, Астанадағы «Хайвил» тұрғын үй кешенінде тұратындықтан, коммуналдық қызметтерге ай сайын шамамен 73–75 мың теңге төлейді.

«Мен айына шамамен 73–75 мың теңге төлеймін. Астанадағы “Хайвил” тұрғын үй кешенінде тұрамын. Коммуналдық шығындарға ай сайын осындай қаражат жұмсаймын», – деді Ерлан Ақкенженов.

Министрдің айтуынша, интернет ақысы бұл сомаға кірмейді. Сондай-ақ автотұрақ орнын жалдау құны да бөлек төленеді.

Брифинг барысында Ақкенженов өзінің айлық жалақысы шамамен 1,2 миллион теңге екенін де айтты.

Ұқсас жаңалықтар