21 қараша 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Қоғам

Ерейментауда ер адам металл арқалықтардың астында қалып қойды: құтқарушылар көмекке келді

Ерейментауда ер адам металл арқалықтардың астында қалып қойды: құтқарушылар көмекке келді
Бейнежазбадан скриншот

Ақмола облысының Ерейментау қаласында өндірістік жұмыс кезінде жазатайым оқиға болды. Металл кесу жұмыстарын жүргізу барысында ер адамды ауыр металл арқалықтар басып қалып, ол өздігінен шыға алмай қалған, деп хабарлайды otirikemes.kz ТЖМ telegram-арнасына сілтеме жасап.

Оқиға өткен түні ЖШС-нің бірінің аумағында болған. Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары ер адамды металл конструкциялардың астынан шығарып алды.


Зардап шеккен азамат жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

Осыған байланысты ТЖМ өндірістік және монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы талаптарын қатаң сақтауды ескертеді.

Ұқсас жаңалықтар