22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Қоғам

Енді министрлік 4 300 теңгеден арзан тұратын дәрілер бағасын реттемейді

Енді министрлік 4 300 теңгеден арзан тұратын дәрілер бағасын реттемейді
фото: shutterstock

Денсаулық сақтау министрлігі құны 1 АЕК-тен төмен, яғни 4 325 теңгеге дейінгі дәрілік заттарды мемлекеттік баға реттеу жүйесінен шығарады.

Министрліктің мәліметінше, енді мемлекет барлық дәрі-дәрмектің бағасын емес, халық үшін қолжетімді болуы маңызды препараттардың бағасын реттеуге басымдық береді. Нәтижесінде 1 200-ден астам дәрілік зат мемлекеттік реттеуден шығарылады. Олардың бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа қарай қалыптасады.

Дегенмен бұл дәрілердің бағасы бақылаусыз қалмайды. Денсаулық сақтау министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, дәрі-дәрмек бағасын бақылау тетіктерін күшейтуді жоспарлап отыр. Бұл үшін дәрілерді таңбалау және олардың қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беретін цифрлық жүйе қолданылады.

Егер дәріханада дәрі белгіленген шекті бағадан қымбат сатылса, тұрғындар бұл туралы DariKZ мобильді қосымшасы арқылы хабарлай алады. Ол үшін дәрінің бағасы көрсетілген чекті және оның қаптамасының суретін қоса тіркеу қажет.

Ұқсас жаңалықтар