22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Спорт

Елена Рыбакина Осаканы жеңіп, жартылай финалға шықты

Елена Рыбакина Осаканы жеңіп, жартылай финалға шықты

Елена Рыбакина Торонтода (Канада) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалына жолдама алды. Ширек финалда Рыбакина жапониялық танымал теннисші Наоми Осакамен (WTA: 13) кортқа шығып, тартысты үш сет қорытындысы бойынша жеңіске жетті  4:6, 7:6, 6:4.

Енді финалдың жолдамасы сарапқа салынатын кездесуде Елена америкалық Кори Гауффпен (WTA: 4) шеберлік байқасады. Биыл Торонтодағы турнирдің жалпы жүлде қоры 7 433 076 АҚШ долларын құрайды.

Жеклей сын бойынша жарыс жеңімпазы атанған теннисші 1 085 220 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алып, өзінің қоржынына 1000 ұпай қосады.

Ұқсас жаңалықтар