22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Спорт

Елена Рыбакина Канададағы турнирдің ширек финалына шықты

Елена Рыбакина Канададағы турнирдің ширек финалына шықты
фото: WTA

Казақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Торонтода (Канада) өтіп жатқан WTA 1000 сериялы турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Отандық теннисші 1/8 финалда ресейлік Людмила Самсоновамен тартысты матч өткізді. Корттағы тартыс үш сетке созылып, қорытындысында Елена Рыбакина 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Енді ширек финалда Елена Рыбакина жапониялық танымал теннисші Наоми Осакамен шеберлік байқасады.

Айта кетейік, егер Елена Рыбакина Торонтодағы турнирде жеңіске жететін болса, әлемнің бірінші ракеткасы атанады.

Ұқсас жаңалықтар