Дубайда екі қазақстандық қыз қайтыс болды. Қаралы хабарды марқұм болған екі қыздың таныстары әлеуметтік желіде жазды.
“Жұлдыз Боханова мен Ақжан Боханованың денесін Қазақстанға қайтара алмай отырмыз. Нақты ақпарат пен көмек керек”, - деп жазды таныстары.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, екі қыз Шарджа қаласында (БАӘ) қаза болған.
“Қазақстанның Дубай қаласындағы Бас консулдығы қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр, оның ішінде тиісті құжаттарды рәсімдеуге және Қазақстан азаматтарының қаза болу мән-жайларына қатысты Әмірліктердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдесіп жатыр”, - деп хабарлады министрлік.
БАӘ құзыретті органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты қазір қосымша ақпарат жария етілмейді.
“ҚР СІМ қаза болғандардың отбасыларымен тұрақты байланыста және өз құзыреті шеңберінде оларға қажетті көмек көрсетіп жатыр”, - делінген ресми ақпаратта.