Қазақстанда 17 қыркүйекке АҚШ долларының ресми бағамы 444,88 теңге болады. 16 қыркүйек сағат 15:30-да KASE-дегі USD/KZT жұбы бойынша орташа сараланған бағам осы деңгейде қалыптасты.
16 қыркүйекте доллардың ресми бағамы 447,88 теңге болған. Осылайша, бір күнде АҚШ валютасы 3 теңгеге немесе 0,67%-ға арзандады. Бұл ретте теңгенің долларға қатысты бағамы нығайды.
Ұлттық банктің 16 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы бойынша еуро 516,58 теңге, Ресей рублі 5,29 теңге, Қытай юані 66,73 теңге болды.