22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Қоғам

Докторанттардың стипендиясы тағы екі есеге өседі

Докторанттардың стипендиясы тағы екі есеге өседі
primeminister.kz

Алдағы 3–4 жыл ішінде Қазақстанда докторанттардың айлық стипендиясы тағы екі есеге артады. Бұл туралы Астанада өткен «Болашақ проекциясы: нәтижелерді сараптаудан жаңа күн тәртібіне» атты форумда Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, осыған дейін де докторанттардың төлемақысы екі есеге дейін өсірілген болатын.

«Қазіргі таңда докторанттардың стипендиясы айына 252 мың теңгені құрайды. Біз алдағы үш-төрт жылдың ішінде бұл көрсеткішті тағы екі есеге ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», — деді Саясат Нұрбек.

Сонымен қатар, ведомство басшысы елімізде «Индустриялық PhD» бағдарламасы басталғанын еске салды. Бұл жоба аясында жас ғалымдар өндірістен қол үзбей-ақ жеңілдетілген форматта үш жыл ішінде PhD ғылыми дәрежесін алып шыға алады.

Гранттар, стипендиялар және жоғары білім беру саласындағы соңғы жаңалықтар туралы толығырақ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми порталынан білуге болады.

Ұқсас жаңалықтар