22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Қоғам

Діни ұрандармен бүркемеленген қылмыстар: ІІМ жыл басынан бері 22 радикалды топтың жолын кесті

Діни ұрандармен бүркемеленген қылмыстар: ІІМ жыл басынан бері 22 радикалды топтың жолын кесті
ІІМ

Бопсалау, тонау, алаяқтық және есірткі саудасы. Бүгінде кейбір қылмыстық топтар өздерінің арам ойлары мен пайдакүнемдік әрекеттерін жасыру үшін діни ұрандарды жамылуды адатқа айналдырған. Олар зорлық-зомбылықты, адамдардың мүлкін тартып алуды немесе басқа діни наным-сенімдегі азаматтардың құқығына қол сұғуды радикалды идеялармен ақтауға тырысады.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «Заң мен тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету мақсатында діни экстремизм мен терроризмнің таралуына қарсы жоспарлы іс-қимылдарды күшейтті.

Жыл басынан бері қол жеткізілген нәтижелер

Ішкі істер органдары жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жыл басынан бері:

Діни-экстремистік идеяларды жамылған 22 қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Қылмыстық топтардың құрамында болған 64 адам ұсталды. Діни экстремизм идеяларын ұстанушылар жасаған пайдакүнемдік-зорлық сипатындағы 155 қылмыстың беті ашылды.

Ұсталған топтар бопсалаумен, алаяқтықпен, тонаумен, есірткі тасымалдаумен және браконьерлікпен айналысқан. Олар өз қылмыстарын жүзеге асыру үшін атыс қаруларын сақтаған. Мұндай топтар Алматы қаласында, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында әрекет еткен.

Тәркіленген қару-жарақ пен есірткі

Заңсыз айналымнан:

114 атыс қаруы, 3 суық қару, 7 граната, 1600-ден астам оқ-дәрі, 32 келіден астам есірткі заты тәркіленді.

Тіркелген нақты қылмыстар мен сот үкімдері

  1. Алматы қаласы: Радикалды діни идеяларды ұстанған төрт адам қала тұрғынының 7,5 млн теңгесін ұрлап кеткен. Сот үкімімен олар 5 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

  2. Петропавл қаласы: Радикалды діни көзқарастағы әйел жасаған алаяқтықтың 4 эпизоды ашылды (залал 2 млн теңгеден астам). Оған 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

  3. Павлодар қаласы: Радикалды діни көзқарастағы жергілікті тұрғын алаяқтықтың 17 эпизодын жасаған (келтірілген залал 8 млн теңгеден асты). Сот шешімімен ол 5 жылға сотталды.

  4. Ақтөбе облысы: Әлеуметтік желілерде өзге дін өкілдерін қорлап, діни араздықты қоздырған тұрғын 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.Зорлық-зомбылық акцияларын жоспарлап, терроризмді насихаттаған жас жігіт ұсталып, сот оны 6 жылға бас бостандығынан айырды.

  5. Түркістан облысы: Интернетте халықаралық террористік ұйым – «Өзбекстан ислам қозғалысының» идеяларын белсенді насихаттаған радикалды діни идеология өкілі ұсталып, 7 жылға сотталды.

ІІМ ескертеді

Діни сенімдер қылмыстық әрекеттерді, зорлық-зомбылықты немесе араздық тудыруды ақтауға ешқашан негіз бола алмайды. Ішкі істер органдары азаматтардың қауіпсіздігін қорғау, экстремизм мен радикалды идеологияның таралуына жол бермеу бағытындағы жұмыстарды одан әрі де қатаң түрде жалғастыра береді.

Ұқсас жаңалықтар