21 қараша 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Қоғам

БҚО-да құрылыс алаңында мұнаралы кран құлап, машинист қаза тапты

БҚО-да құрылыс алаңында мұнаралы кран құлап, машинист қаза тапты
Бейнежазбадан скриншот

Батыс Қазақстан облысында құрылыс алаңында алып мұнаралы кран құлап, адам өлімі тіркелді, деп хабарлайды otirikemes.kz alashorda.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.


БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдай 7 қарашада Бәйтерек ауданына қарасты Мичурино ауылында болған. Көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс алаңында мұнаралы кран құлаған. Сол сәтте кран кабинасында болған машинист оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайы мен қайғылы жағдайдың себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, тергеу мүддесіне байланысты әзірге істің өзге де мәліметтері жарияланбайды.

Ұқсас жаңалықтар