Кәсіпкер әрі бұрынғы Мәжіліс депутаты Болат Әлиев қыркүйек айының соңынан бері Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі қызметін атқарып жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды otirikemes.kz pikirmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, бұл міндетті қабылдаудағы басты мақсаты – кәсіпкерлік, мемлекеттік қызмет және депутаттық жұмыс барысында жинақтаған тәжірибесімен бөлісу.
Болат Әлиев кеңесшілік қызметті қоғамдық негізде, яғни ақысыз атқарады. Қазіргі уақытта ол мемлекеттік органдар әзірлеген ұсыныстарды саралап, олардың халық пен бизнеске ықпалын бағалайды. Сондай-ақ қажет болған жағдайда балама шешімдер ұсынады.