Биыл магистратураға бөлінген гранттардың 1100-ден астамы игерілмей қалды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді.
Министрліктің дерегінше, биыл магистратураға барлығы 10 462 білім беру гранты қарастырылған. Алайда конкурстық іріктеу нәтижесінде оның 9 344-і ғана талапкерлерге берілген.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті басқармасының басшысы Жандәулет Құдайбергенов грант иегерлері оқуға қабылдану рәсімінен өтуі қажет екенін айтты.
Айта кетейік, магистратураға арналған грант конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша кемінде 75 балл, ал бейіндік бағыт бойынша кемінде 30 балл жинаған талапкерлер қатыса алды.