22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Қоғам

Биыл елде 380 мың бала бірінші сыныпқа барады

Биыл елде 380 мың бала бірінші сыныпқа барады
Үкіметтің баспасөз қызметі

2026 жылы Қазақстанда шамамен 380 мың бала бірінші сыныпқа қабылданады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді.

Биыл бірінші сыныпқа баратын балалар саны бойынша Астана Алматыдан озады. Бұл ретте Алматы халқы елорда тұрғындарынан шамамен 600 мың адамға көп. Алматыда 2,3 миллионнан астам, ал Астанада 1,6 миллионға жуық адам тұрады.

Ал өңірлер арасында бірінші сыныпқа баратын балалар саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр.

2-4 сыныптарда бағалау тәсілі өзгереді

Жаңа оқу жылынан бастап 1-сынып оқушыларының бағалау жүйесі өзгермейді. Ал 2-4 сыныптарда оқушылардың білімін бағалаудың жаңа тәсілдері енгізіледі.

Негізгі өзгеріс формативтік бағалауға қатысты. Бұдан былай БЖБ мен ТЖБ-ның орнына аралық бағалау қолданылады.

Бұған дейін формативтік баға оқушының сабақтағы жекелеген жұмысына қарай қойылатын. Мысалы, үй тапсырмасын орындауы немесе белгілі бір тапсырманы дұрыс орындауы ескерілетін.

Енді мұғалім оқушының бір ғана тапсырмасын емес, сабақ бойындағы оқу әрекетін толық бағалайды. Яғни сабақ басталғаннан аяқталғанға дейінгі белсенділігі, тапсырмаларды орындауы және оқу барысындағы нәтижесі ескеріледі.

Ұқсас жаңалықтар