22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Спорт

Бішкекте VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты өтті

Бішкекте VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты өтті
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсімін тамашалады.

Биылғы дүбірлі дода 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғызстанның көрікті Ыстықкөл облысында өтеді. Ауқымды халықаралық бәсекеде әлемнің 100-ден астам елінен келген 3 мыңға жуық спортшы бақ сынайды деп күтілуде.

Турнир бағдарламасында спорттың 43 түрі қамтылған. Олардың қатарында көшпелі халықтардың, соның ішінде қазақ халқының төл ұлттық спорт түрлері бойынша да жүлделер сарапқа салынады.

Еліміздің намысын бұл жарыста 150-ден астам отандық спортшы қорғайды. Қазақстан құрамасы сайыстың барлық 43 түрінен толық құрамда өнер көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізуді көздеп отыр.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары — бауырлас халықтардың рухани байланысын нығайтып, этноспорт пен көшпелі өркениеттің бай мұрасын әлемдік деңгейде дәріптейтін бірегей жоба.

Ұқсас жаңалықтар