Белгілі ақын, айтыскер Надежда Лушникова 86 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды otirikemes.kz
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Надежда Лушникова 1940 жылы 22 қарашада Алматы облысында дүниеге келген. Ол Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық училищені және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институтын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Ақын өлең жазумен қатар, суырыпсалма өнерімен де танылды. 1963 жылы Қызылордада өткен облыстық айтыста жүлделі орынға ие болып, кейін аудандық және облыстық айтыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы атанды. Оның Қалдыбек Әліқұловпен болған айтысы режиссер Т. Дүйсебаевтың «Айтыс» фильміне арқау болған.
Әр жылдары газетте әдеби қызметкер, баспада редактор, мектепте мұғалім болып еңбек етті. 1985 жылдан бастап Жамбыл ауданындағы Ү. Қарибаев атындағы музейді басқарды.
Ақынның алғашқы өлеңдері 1958 жылы «Ленин жолы» газетінде жарияланды. Кейін «Елім менің» және «Көңіл хошы» атты жыр жинақтары жарық көрді.