21 қараша 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Саясат

Бектенов үш қала тұрғындарының жылуға қатысты шағымдарын атады

Бектенов үш қала тұрғындарының жылуға қатысты шағымдарын атады
Фото: Ағыбай Аяпбергенов

Премьер-министр Олжас Бектенов Ақтау, Павлодар және Петропавл тұрғындарынан жылуға қатысты шағымдар түсіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды otirikemes.kz.

«Күзгі-қысқы жылыту маусымына қатысты күнделікті мәселелерді де ерекше назарда ұстаған жөн. Қазіргі таңда барлық өңірде жылу беру маусымы басталды. Жаз айларында жабдықтарды, жылу мен электр желілерін жөндеу шаралары қабылданды. Тұтынушыларға жылу кестеге сәйкес берілді. Бірақ жылудың сапасына наразы немесе жылусыз қалған тұрғындар тарапынан шағымдар да келіп түсіп жатыр. Олардың ішінде Ақтау, Павлодар және Петропавл тұрғындары бар», деді Олжас Бектенов.

Осыған байланысты Премьер-министр өңір әкімдеріне жылу беру маусымына жауапты штабтардың жұмысын күшейтіп, халықтың арыз-шағымдарына жедел әрекет етуді тапсырды.

«Қыс айларындағы жұмыстарға авариялық бригадалар мен арнайы техниканы толық жұмылдыру қажет. Сонымен қатар өңір әкімдіктері халыққа қажетті көмірдің тұрақты бағамен қолжетімді болуын бақылауда ұстасын. Энергетика министрлігі мен өңір әкімдіктері энергия көздеріндегі жөндеу жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес аяқтап, қажетті жабдықтар резервін әзірлеуге тиіс. Жылыту маусымында халықты тұрақты әрі сапалы жылумен қамтамасыз етуді тапсырамын. Әлеуметтік нысандарды ерекше назарда ұстаңыздар», деді Үкімет басшысы.

Ұқсас жаңалықтар