Дүбірлі додада ел намысын қорғап жатқан Қазақстан құрамасы ұлттық спорт түрі — аударыспақтан алғашқы алтын медальдарын жеңіп алды.
Отандық балуандар шешуші сындарда жоғары дайындық пен бап көрсете білді:
63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Нұрталап Керім финалда Қырғызстан спортшысынан мерейі үстем түсіп, жарыс чемпионы атанды.
70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сайлау Мұхаммеджан да финалдық тартысты бәсекеде қырғыз балуанын 2:1 есебімен ұтып, құрама қоржынына кезекті «алтынды» салды.