22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Қоғам

Астанада «Үздік имам» ІІ республикалық сайысының жеңімпаздары анықталды

Астанада «Үздік имам» ІІ республикалық сайысының жеңімпаздары анықталды
ҚМДБ

Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) ұйымдастыруымен өткен ІІ республикалық «Үздік имам» интеллектуалды білім сайысы мәресіне жетіп, салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Шараға арнайы қатысқан ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бұл сайыстың имамдардың біліктілігін арттырудағы маңызына тоқталып, барша қатысушыларға ризашылығын білдірді.

«Сайысқа қатысқан барша имамдарға тағы да риясыз ниетпен ризашылығымды білдіремін. Сіздер бұл додаға тек жеңіс үшін емес, білімдеріңізді шыңдау, тәжірибе алмасу, кәсіби деңгейлеріңізді көтеру мақсатында келдіңіздер. Сондықтан бүгінгі жарыстың әрбір қатысушысы – жеңімпаз. Исламда білімнің орны ерекше. Алла Тағала Құранда: «Раббым, білімімді арттыр!» («Таһа» сүресі, 114-аят) деп дұға жасауды үйреткен. Бұл – мұсылманның өмір бойы ізденуі керектігін меңзейді», – деді Бас мүфти.

Әділқазылар алқасының шешімімен білім жарысының жүлдегерлері анықталып, қаржылай сыйлықтармен марапатталды:

  • I орын (500 000 теңге): Оразов Әділхан Әлиханұлы – Астана қаласы, «Нұрсұлтан» мешітінің наиб имамы

  • II орын (300 000 теңге): Нәби Нұрдаулет Асқарұлы – Қызылорда облысы, Қазалы аудандық «Жанқожа батыр» мешітінің бас имамы

  • III орын (200 000 теңге): Сайдолла Қуаныш Абдуррахимұлы – Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылындағы «Қосай ата» мешітінің наиб имамы

Сонымен қатар сайысқа белсене қатысып, жүлделі орындардан көріне алмаған өзге де имамдардың еңбегі ескеріліп, олардың әрқайсысына 50 000 теңгеден ынталандыру сыйақысы табысталды.

Ұқсас жаңалықтар