Оқиға Сарыарқа ауданында, Ш. Бейсекова көшесіндегі көпір маңында болған. 2006 жылы туған қыз көпірден Есіл өзеніне секірген, деп хабарлайды otirikemes.kz 112 kz telegram-арнасына сілтеме жасап.
Оқиға туралы хабар түскен бойда Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары оқиға орнына жедел жетті. Жедел-құтқару жасағының мамандары жүзу құралы арқылы қызға жетіп, оны судан шығарып, жағаға жеткізген.
Кейін қыз жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.
Осыған байланысты ТЖМ азаматтарды өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарап, қауіп-қатерге бармауға шақырды. Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне дереу хабарласу қажет.