22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Қоғам

Астанада LRT желісін Қосшыға қарай ұзарту жұмыстары басталды

Астанада LRT желісін Қосшыға қарай ұзарту жұмыстары басталды
Курсив

Астанада LRT желісін Қосшы бағытына қарай ұзарту жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы City Transportation Systems (CTS) компаниясы мәлімдеді.

Компанияның хабарлауынша, құрылыс барысында алғаш рет DF30/245 мамандандырылған көпірқұрастырғыш техникасы іске қосылды. Оның көмегімен алғашқы темірбетон арқалығы орнатылған.

CTS өкілдерінің айтуынша, бұл техника арқалықтарды орнатудың толық циклін орындайды және Қазақстанда тұңғыш рет қолданылып отыр. Сондай-ақ ол жол қозғалысын шектеуді барынша азайтып, құрылыс-монтаж жұмыстарының қарқынын арттыруға мүмкіндік береді.

Арнайы техника қашықтан басқару жүйесімен жабдықталған, бұл монтаждау жұмыстарының қауіпсіздігі мен тиімділігін арттырады.

Ұқсас жаңалықтар