21 қараша 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Қоғам

Астанада екі жасөспірімнің қаза тапқаны туралы ақпарат тарады: полиция тергеу бастады

Астанада екі жасөспірімнің қаза тапқаны туралы ақпарат тарады: полиция тергеу бастады
фото скриншот

Астанадағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде екі жасөспірім қыздың қаза тапқаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды otirikemes.kz tizgin.kz сайтына сілтеме жасап.

Желі қолданушыларының жазуынша, қайғылы оқиға 9 қараша күні кешке елорданың сол жағалауында болған. Алайда екі жасөспірімнің қаза тапқаны туралы мәліметті құқық қорғау органдары әзірге ресми түрде нақтылаған жоқ.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар да жарияланды. Кадрлардан тұрғын үй маңына полиция көліктері мен жедел жәрдем бригадаларының келгенін көруге болады.

Астана қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, суицид дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.

«Суицид дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Полиция оқиғаның нақты мән-жайын, зардап шеккендердің санын және жасын жарияламады. Сондықтан әлеуметтік желілерде тараған мәліметтер әзірге ресми расталған ақпарат болып саналмайды.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар