21 қараша 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Қоғам

Астанада 28 жастағы ер адам мас күйде қария мен әйелді соққыға жыққан

Астанада 28 жастағы ер адам мас күйде қария мен әйелді соққыға жыққан
Бейнежазбадан скрин

Астанада 28 жастағы азаматтың алкогольдік масаң күйде егде жастағы ер адамға дене жарақатын салғаны анықталды, деп хабарлайды otirikemes.kz Астана қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ жәбірленушіге араша түспек болған 41 жастағы әйелді де соққыға жыққан.

Полиция азаматтарға қатысты кез келген зорлық-зомбылық, дөрекілік пен агрессия әрекеттеріне жол берілмейтінін ескертті. Мұндай әрекеттер заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.



Ведомствоның мәліметінше, әрбір зорлық-зомбылық фактісіне құқықтық баға беріліп, кінәлі тұлғалар заңға сәйкес жауапқа тартылады.

Ұқсас жаңалықтар