22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Қоғам

«Астана – Қарағанды – Алматы» тасжолының бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі

«Астана – Қарағанды – Алматы» тасжолының бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Алматы облыстық филиалы республикалық маңызы бар KAZ-01 «Астана – Қарағанды – Алматы» автомобиль жолында жоспарлы орташа жөндеу жұмыстарының басталатынын хабарлайды. Осыған байланысты тасжолдың 1194–1209 (27–42) шақырым аралығында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Шектеудің тәртібі мен мерзімі:

Шектеу 2026 жылғы 24 тамыздан 10 қыркүйекке дейін созылады. Жол қозғалысы күн сайын түнгі сағат 22:00-ден таңғы 05:00-ге дейін жабылады. Жөндеу жұмыстары Жібек жолы мен Қаскелең елді мекендерінің аралығында жүргізіледі.

Жөндеу жұмыстарын сапалы әрі қауіпсіз жүргізу мақсатында автокөліктердің қозғалысы арнайы айналма жол арқылы ұйымдастырылады. Мекеме өкілдері жүргізушілерге сапарды алдын ала жоспарлап, жол белгілері мен реттеушілердің талаптарын қатаң сақтауды ескертеді.

Ұқсас жаңалықтар