22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Қоғам

Астана ауруханаларында қатерлі ісік пен инсультті енді ЖИ көмегімен анықтайды

Астана ауруханаларында қатерлі ісік пен инсультті енді ЖИ көмегімен анықтайды
Астана әкімдігі

Астананың медициналық ұйымдарында онкологиялық аурулар мен инсультті диагноздау үшін жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары белсенді енгізіліп жатыр. Жаңа жүйелердің арқасында диагноз қою уақыты 10 минутқа дейін қысқарды.

Басты жобалардың бірі — онкологиямен күрес жоспары аясында жүзеге асырылған WDSOFT жасанды интеллект жүйесі. Қазіргі таңда бұл бұлттық жүйеге елордадағы 19 медициналық ұйым қосылған.

Жүйелердің негізгі мүмкіндіктері:

  • WDSOFT жүйесі: Медициналық түсірілімдердегі патологияларды танып, онкологияны алғашқы сатысында анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ радиолог-дәрігерлердің жүктемесін азайтады. 2025 жылдың 1 тамызынан бастап Астананың бірыңғай серверінде 360 мыңнан астам радиологиялық зерттеу (рентген, КТ, МРТ, маммография) жинақталған.

  • Cerebra бағдарламасы: Cerebra.ai Ltd. компаниясы әзірлеген бұл жүйе инсультті автоматты түрде диагноздауға арналған. Ол инсульттің түрі мен ішкі типін саралап, дәрігерлерге жедел шешім қабылдауға көмектеседі. Жақсы нәтиже көрсеткен жоба елорданың үш бірдей инсульт орталығына (№2 Көпбейінді қалалық аурухана, №1 МҚА және МҚО) енгізілді.

Алдағы жоспарлар:

Биыл Астанада «Жеке сүйемелдеу және онлайн-кеңес беру орталығы» іске қосылмақ. Ол дәрігер мен пациент арасындағы байланысты нығайтып, профилактикалық шаралардың ауқымын кеңейтуге бағытталған.

Бұдан бөлек, орталық базасында цифрлық ахуалдық орталық құру жоспарланған. Онда жасанды интеллект технологиялары елорданың денсаулық сақтау саласындағы басты көрсеткіштерді үздіксіз мониторингтеу үшін қолданылады.

Ұқсас жаңалықтар