Астана қаласының әкімдігі жергілікті бюджет есебінен бөлінетін мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің ресми тізімін бекітті.
Бұл гранттар елорда үшін ең қажетті салалар бойынша жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Атап айтқанда, грант иегерлері:
-
Педагогикалық мамандықтар,
-
Ақпараттық технологиялар (IT),
-
Көлік қызметтері бағыттары бойынша білім алады.
Болашақ студенттерді қабылдайтын жоғары оқу орындарының қатарында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Астана халықаралық университеті, А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты және Esil University бар.
Сонымен қатар, Астана медицина университетіне жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды (резидентура, магистратура/докторантура) даярлауға да арнайы гранттар бөлінді.
Грант иегерлерінің толық тізімімен Астана қаласы әкімдігінің ресми порталынан немесе білім беру басқармасының ақпараттық ресурстарынан танысуға болады.