21 қараша 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Қоғам

Арқалықта мұз құрсауында қалған аққуды құтқарушылар құтқарып қалды

Арқалықта мұз құрсауында қалған аққуды құтқарушылар құтқарып қалды
ТЖМ telegram-арнасынан

Арқалықта мұз қата бастаған су айдынында қалған аққуды құтқарушылар аман алып қалды, деп хабарлайды otirikemes.kz ТЖМ telegram-арнасына сілтеме жасап.

Оқиға Қостанай облысына қарасты Арқалық қаласындағы Орталық саябақ маңында болған. Су беті мұзбен жабыла бастаған кезде аққу су айдынында қалып қойған.


Оқиға орнына жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері арнайы жүзу құралы арқылы құсқа жақындап, оны судан алып шықты.

Құтқарушылар аққуды жағаға жеткізгеннен кейін жергілікті тұрғындардың біріне тапсырды. Енді ол құсты көктемге дейін күтіп-баптап, қарайтын болады.

Ұқсас жаңалықтар