Алматыда 15 қыркүйек пен 25 қазан аралығында кеміргіштерге қарсы жаппай тазарту (дератизация) жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Бұл шаралар жалпы ауданы 47 330 гектарды құрайтын қоғамдық аумақтарды, өзен-көлдердің жағалауларын және жеке тұрғын үй секторларын қамтиды.
Сонымен қатар МИБ, ПИК, жеке үй иелері мен кәсіпкерлер де өздеріне қарасты нысандарда тазалау жұмыстарын қатар жүргізуі тиіс. Өңдеу шаралары қоқыс алаңдарында, сауда орындарында, кафе-ресторандар мен сауда орталықтарында да қолға алынады.
Заңға сәйкес, жеке және заңды тұлғалар өздеріне тиесілі аумақтарды өз қаражаты есебінен тазартады.
Қала бойынша тазалауды бір уақытта жүргізу тышқандар мен егеуқұйрықтардың қайта көбейіп кетуіне жол бермейді.