21 қараша 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Қоғам

Алматыда ҚазҰУ-дың бірінші курс студенті көз жұмды

Алматыда ҚазҰУ-дың бірінші курс студенті көз жұмды
Farabi.university сайтынан

Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттер қалашығында журналистика факультетінің бірінші курс студенті қаза тапты, деп хабарлайды otirikemes.kz Ulysmedia.kz сілтеме жасап.

Басылымның дереккөзінің мәліметінше, қайғылы оқиға 6 қараша күні кешкі уақытта болған. Қаза тапқан бойжеткен журналист мамандығын меңгеру үшін Шымкенттен Алматыға оқуға келген.

Оқиғадан кейін студенттер қалашығына полиция қызметкерлері мен университет өкілдері барған. Дереккөздің айтуынша, сол түні жатақханада тұратын студенттерге бөлмелерінен және балконға шығуға тыйым салынған.

Бірінші курс студентінің өліміне не себеп болғаны әзірге белгісіз. Студенттер арасында оқиғаның мән-жайына қатысты түрлі болжам айтылып жатыр. Алайда олардың ешқайсысы ресми түрде расталған жоқ.

Сондай-ақ басылым дереккөзінің сөзінше, студенттерден ортақ чаттардағы оқиғаға қатысты хабарламаларды өшіру сұралған. Оларға хат алмасу тарихы тексерілуі мүмкін екені ескертілген көрінеді.

Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Ulysmedia.kz тілшілері Алматы қаласының полиция департаментіне ресми сауал жолдаған.

Әзірге студенттің қаза болу себебі туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Ұқсас жаңалықтар