21 қараша 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Қоғам

Алматыда есірткі саудасына күдікті әйел ұсталды

Алматыда есірткі саудасына күдікті әйел ұсталды
Бейнежазбадан скриншот

Алматыда есірткі заттарын заңсыз таратуға қатысы бар деген күдікпен әйел ұсталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында оның өзінен жеті орама, ал тұрғылықты үйінен тағы 60 орама есірткіге ұқсас зат табылды, деп хабарлайды otirikemes.kz Алматы қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері күдіктіні көлік жүргізіп келе жатқан жерінен қолға түсірген.


Жеке тінту кезінде әйелдің жанынан ұнтақ тәрізді зат салынған жеті орама анықталды. Кейін оның тұрғылықты мекенжайында жүргізілген тексеру барысында тағы 60 орама, электронды таразы және есірткі заттарын өлшеп, бөліп салуға арналған құралдар тәркіленді.

Табылған заттардың барлығы сараптамаға жіберілді. Сарапшылар олардың нақты құрамын және салмағын анықтайды.

Аталған факті бойынша есірткі заттарын заңсыз айналымға жіберу күдігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта тәркіленген заттардың шығу тегі, сондай-ақ оларды таратуға қатысы болуы мүмкін өзге де адамдар анықталып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар