21 қараша 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Қоғам

Алматыда екі қабатты ғимараттан ірі өрт шықты

Алматыда екі қабатты ғимараттан ірі өрт шықты
Бейнежазбадан скриншот

Алматы қаласының Алмалы ауданында екі қабатты ғимарат өртенді. Өрт Брусиловский көшесінде болған. Жалынның жақын маңдағы нысандарға таралу қаупі туындаған, деп хабарлайды otirikemes.kz ТЖМ telegram-арнасына сілтеме жасап.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен техникасы жоғары шақырту дәрежесі бойынша жұмылдырылды. Құтқарушылар өртті сөндіру жұмыстарын жүргізді.


Мәліметке сәйкес, сағат 09:37-де өрттің таралуы тоқтатылып, кейін толықтай сөндірілді.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Ұқсас жаңалықтар