Алматыда жалға алынған үйден қарасора өсіретін заңсыз зертхана анықталды. Үй иелері уақытша баспанада тұрып, негізгі ғимаратты есірткі өсіруге бейімдеген. Заңсыз әрекетті Түрксіб аудандық полиция басқармасының жедел қызметкерлері әшкереледі, деп хабарлайды otirikemes.kz Алматы қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 28 жастағы ер адам ұсталды. Тұрғын үйді тінту кезінде полиция қызметкерлері құмыраларға егілген, марихуанаға тән иісі бар 93 түп өсімдікті және өзіне тән иісі бар зат салынған пакетті тәркіледі.
Күдікті қамауға алынды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері есірткіні өткізу арналарының бар-жоғын анықтап жатыр. Сонымен қатар заңсыз плантацияны ұйымдастырған адамдар мен өсірілген өнімнің кімге арналғаны тексерілуде.