22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Қоғам

Алматы – Ташкент пойызында әйелдер вагоны пайда болады

Алматы – Ташкент пойызында әйелдер вагоны пайда болады
Жолаушылар тасымалы

1 қазаннан бастап Алматы – Ташкент бағытындағы халықаралық пойыз құрамында әйелдерге арналған арнайы вагон іске қосылады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық тасымалдаушы мұндай қызметті халықаралық бағытта алғаш рет ұсынып отыр. Бұған дейін әйелдер вагондары тек Қазақстанның ішкі теміржол бағыттарында ғана қолданылып келген болатын.

«Бағытқа сұраныстың жоғары болуы және жолаушылар ағынының өсуіне байланысты бұл бағытта «Әйелдер вагонын» іске қосу туралы шешім қабылданды. Бұл қызмет ішкі теміржол бағыттарында да үлкен сұранысқа ие», – деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Ануар Ахметжанов.

Әйелдер вагонының негізгі ережелері мен ерекшеліктері:

Вагонға билеттер тек әйел жолаушыларға сатылады. Онлайн билет алу кезінде арнайы вагонды «ЖН» белгісі арқылы танып, таңдауға болады. Әйелдермен бірге 7 жасқа дейінгі ұл балалардың жүруіне рұқсат етіледі. Вагон ішінде тек әйел жолсеріктер қызмет атқарады.

Билеттер пойыздың жөнелтілетін күніне 45 күн қалғанда сатылымға шығады.

Пойыздың қатынау кестесі:

Алматы – Ташкент пойызы күн сайын қатынайды:

  • Алматыдан шығу: сағат 19:05-те ➔ Ташкентке жету: жергілікті уақытпен сағат 12:53-те.

  • Ташкенттен шығу: сағат 14:41-де ➔ Алматыға жету: сағат 08:51-де.

Ұқсас жаңалықтар