«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Жамбыл облысындағы «Алматы – Тараз (Жаңа Қордай асуы)» тасжолының 159–238 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды.
Осыған байланысты 2026 жылғы 7 тамыздан бастап жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін күн сайын сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін Тараз қаласы бағытындағы көлік құралдарының қозғалысы уақытша шектеледі.
Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезеңде Алматы қаласынан Тараз қаласына қарай қатынайтын автокөліктер үшін қозғалыс «Отар – Қордай – Қайнар» (Ескі Қордай асуы) автожолы арқылы баламалы бағытта ұйымдастырылады.
Мамандар жолға шығатын жүргізушілерге бағытты алдын ала жоспарлауды, уақытша орнатылған жол белгілерінің талаптарын, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауды және жол жөндеу аймағында аса зейінді болуды сұрайды.