21 қараша 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Қоғам

Алматы метросындағы ұзын-сонар кезектің себебі белгілі болды

Алматы метросындағы ұзын-сонар кезектің себебі белгілі болды
metroalmaty.kz

Алматы метросының баспасөз қызметі станциялардың кіреберісінде жолаушылардың көптеп жиналуына не себеп болғанын түсіндірді. Белгілі болғандай, таңертең барлық станцияда Onay жүйесінің QR-коды арқылы жолақы төлеу уақытша істемей қалған, деп хабарлайды otirikemes.kz

Метрополитеннің мәліметінше, техникалық ақау бүгін сағат 06:30-да тіркелген. Соның салдарынан жолаушылар QR-код арқылы төлем жасай алмаған.

Алайда Onay көлік карталары, банк карталары, Apple Pay және Samsung Pay қосымшалары, сондай-ақ қағаз QR-билеттері арқылы төлем жасау штаттық режимде жұмыс істеген.

Метрополитен өкілдерінің хабарлауынша, ақау сағат 09:30-да толық жойылған. Қазіргі уақытта Onay жүйесінің QR-коды арқылы жолақы төлеу қызметі қайта қалпына келтірілді.

Ұқсас жаңалықтар