ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі грант иегерлерінің тізімі қашан және қай ресурстарда жарияланатынын мәлімдеді. Грант иегерлерінің тізімімен ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің ресми ресурстарынан танысуға болады:
-
Telegram-канал: SayasatNurbekOfficial
-
Facebook: sayasat
-
Instagram: sayasatnurbek
-
Ресми сайт: sayasatnurbek.com
Сонымен қатар, нәтижелер Министрліктің ресми ақпараттық алаңдарында жарияланады:
-
Ресми портал: gov.kz/memleket/entities/sci
-
Telegram-канал: gylym_jogary_bilim
-
Facebook: gylym.jogarybilim
-
Instagram: gylym_jogarybilim
Ведомство берген ақпаратқа сәйкес, мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің толық тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.
Еске сала кетейік, биылғы негізгі ҰБТ 10 мамыр мен 10 шілде аралығында өтті. Тестілеуге жалпы 233 мың талапкер қатысты. Екі мүмкіндікті есепке алғанда, емтихан 422 мың рет тапсырылды. Талапкерлердің басым бөлігі - 73,1%-ы емтиханды қазақ тілінде тапсырды. Орыс тілінде - 26,8%, ал ағылшын тілінде 383 талапкер бағын сынады.