Құрылтай құрамына өткен саяси партияларға алдағы үш жылда жалпы көлемі 56 млрд теңгеге жуық қаржы бөлу жоспарланып отыр.
Қаржы министрлігі жариялаған азаматтық бюджет жобасына сәйкес, 2027 жылы саяси партияларды қаржыландыруға 17,9 млрд теңге қарастырылған. Ал 2028 және 2029 жылдары бұл көрсеткіш шамамен 19 млрд теңгені құрайды.
Осылайша, үш жыл ішінде саяси партияларға бөлінетін мемлекеттік қаржының жалпы көлемі 56 млрд теңгеге жуықтайды.
Қазіргі уақытта Құрылтай құрамында бес партиядан сайланған 145 депутат бар. Құрылтайдың алғашқы сессиясы 28 тамызда өтті.