Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» ресми Жарлыққа қол қойды.
Құжатқа сәйкес, жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Құрылтайының алдында Үкіметтің өкілеттігін тоқтатуға байланысты қазіргі министрлер кабинеті жаңа құрам толық бекітілгенге дейін өзіне жүктелген міндеттерді атқара беретін болады.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 69-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Құрылтайының алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын», – делінген Президент Жарлығында.
Президент қол қойған бұл құжат ресми жарияланған күнінен бастап заңды күшіне енді.
Айта кетейік, Астанада бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясы өтіп жатыр.