21 қараша 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Саясат

Тоқаев ҰҚК жаңа төрағасына бірқатар тапсырма берді

Тоқаев ҰҚК жаңа төрағасына бірқатар тапсырма берді
Ақорда telegram-арнасынан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығымен жиын өткізіп, ведомствоның жаңа төрағасы Марат Ирменовті таныстырды. Президент оған ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмысын жетілдіруге қатысты бірқатар міндет жүктеді, деп хабарлайды otirikemes.kz Ақорда telegram-арнасына сілтеме жасап.

Жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚК жүйесін реформалау, комитет алдына қойылған міндеттерді орындаудың жаңа тәсілдерін енгізу және қызмет тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті.

Ақорда telegram-арнасынан


Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмысында «Заң мен Тәртіп» қағидатын қамтамасыз етуге, экономикалық саладағы ұлттық мүдделерді қорғауға, сыбайлас жемқорлық пен өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы күреске басымдық беру керектігін айтты.

Сонымен қатар Президент кадрларды іріктеу жүйесін жетілдіру, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа төнетін қауіптердің алдын алу және маңызды мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру кезінде жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға бағытталған профилактикалық шараларды күшейту жөнінде тапсырма берді.

Ұқсас жаңалықтар