21 қараша 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Саясат

Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасын қабылдады

Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасын қабылдады
Ақорда telegram-арнасынан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровпен кездесіп, алдағы мәслихат сайлауына дайындық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды otirikemes.kz Ақорда telegram-арнасына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Президентке 2026 жылғы 29 қарашада өтетін барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына әзірлік аясында сайлау органдары жүргізіп жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау науқанын «Заң және тәртіп» конституциялық қағидатына сәйкес ұйымдастырудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ кандидаттар мен саяси партиялар үшін тең мүмкіндіктер мен әділ жағдай қалыптастыру қажеттігіне тоқталды.

Мемлекет басшысы алдағы уақытта депутаттық корпустың жаңаруы жергілікті өкілді органдардың жұмысын айтарлықтай нығайтуға ықпал ететінін айтты.

Ұқсас жаңалықтар