Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына және «ШЫҰ+» форматындағы кездесуге қатысу үшін Бішкек қаласына жұмыс сапарымен келді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылу салтанатына қатысады.
Айтулы спорттық әрі мәдени шараға келген Қазақстан Президентін Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қарсы алды.
Салтанатты шара аясында екі ел басшылары көшпелі халықтардың бай тарихы мен ортақ мәдени мұрасын дәріптейтін ауқымды театрландырылған қойылымды және қатысушы мемлекеттер спортшыларының парадын тамашалайды.