22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Саясат

Тоқаев алты министрді қайта тағайындады

Тоқаев алты министрді қайта тағайындады
primeminister.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен алты ведомствоның басшысы қайта тағайындалып, өз қызметтерін жалғастыратын болды.

Президент Жарлығына сәйкес қайта тағайындалған министрлер тізімі:

  • Әділет министрі: Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев ҚР Әділет министрі лауазымына қайта тағайындалды.

  • Көлік министрі: Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Көлік министрі қызметін әрі қарай атқарады.

  • Энергетика министрі: Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов те Энергетика министрі лауазымына қайта бекітілді.

  • Оқу-ағарту министрі: Ведомствоны 11 ай 5 күн басқарған Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова да өз қызметінде қалды.

  • Сауда және интеграция министрі: Арман Абайұлы Шаққалиев ҚР Сауда және интеграция министрі лауазымына қайта тағайындалды.

  • Өнеркәсіп және құрылыс министрі: Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев та Өнеркәсіп және құрылыс министрі ретінде жұмысын жалғастыра береді.

Осылайша, аталған алты негізгі салада мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бұрынғы ведомство басшыларына жүктелді.

Ұқсас жаңалықтар