22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Әлем

Қырғызстан Қытайға жылқы, қой еті мен жидек экспорттай бастайды

Қырғызстан Қытайға жылқы, қой еті мен жидек экспорттай бастайды

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Бішкекке жасаған мемлекеттік сапары аясында Қырғызстан мен Қытай арасында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды. Келіссөздердің басты жаңалығы - екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы және сауда байланыстарының мүлдем жаңа деңгейге көтерілуі.

Қол қойылған құжаттардың ішіндегі ең назар аударары Қырғызстаннан Қытайға өнім экспортын арттыруға бағытталған фитосанитариялық және ветеринариялық хаттамалар.

Өнім экспортына жол ашылды

Екі елдің құзыретті министрліктері мен Бас кеден басқармасы арасындағы келісімге сәйкес, Қырғызстан енді Аспан асты еліне мына өнім түрлерін кедергісіз тасымалдай алады:

Қырғызстаннан Қытайға жылқы экспорты бойынша карантиндік және санитарлық-гигиеналық талаптар бекітілді; Термиялық өңдеуден өткен қой мен ешкі етін ҚХР нарығына шығаруға рұқсат берілді; Қырғызстанда өсірілетін жас жидектерді Қытайға экспорттаудың фитосанитариялық талаптары мақұлданды.

Бұдан бөлек, қырғыз тарапы Қытайдың Ауыл шаруашылығы министрлігімен 2027–2030 жылдарға арналған ынтымақтастықтың арнайы іс-қимыл жоспарын бекітті.

«Бедель» өткізу пункті мен жаңа көпір

Экспорт көлемін арттыру үшін логистикалық инфрақұрылым да қатар дамытылмақ. Тараптар кыргыз-қытай шекарасындағы «Бедель» өткізу пунктінде Үзөңгү-Кууш өзені арқылы өтетін жаңа автокөлік көпірін салу туралы келісімге қол қойды.

Сондай-ақ сапар барысында екі ел басшылары «Мәңгілік тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шартқа» және жан-жақты стратегилық әріптестікті дамыту жөніндегі Бірлескен декларацияға қол қойды.

Ұқсас жаңалықтар