22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Саясат

Құрылтайдың алғашқы сессиясы 28 тамызда өтеді

Құрылтайдың алғашқы сессиясы 28 тамызда өтеді
Курсив медиа

Президент «Бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы» жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, Құрылтайдың алғашқы сессиясы 2026 жылғы 28 тамызда сағат 11:00-де Астанада өтеді.

Еске салайық, 23 тамызда елде Құрылтай сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде бес саяси партия депутаттық мандаттарды бөлуге қатысады. Ал 5 пайыздық межеден өте алмаған «Байтақ» жасылдар партиясы мен Қазақстан Халық партиясы мандаттарды бөлуге қатыспайды.

Сайлау қорытындысы бойынша мандаттар партиялар арасында мынадай тәртіппен бөлінді:

  • «Әділет» партиясы – 110 мандат;

  • «Ауыл» партиясы – 10 мандат;

  • «Respublica» партиясы – 9 мандат;

  • «Ақ жол» демократиялық партиясы – 8 мандат;

  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 8 мандат.

Ұқсас жаңалықтар