23 тамызда өткен Құрылтай сайлауының қорытындысы бойынша 5 пайыздық шектен өткен саяси партиялар өздеріне бұйырған депутаттық мандат иелерін анықтап, ресми тізімдерін жариялай бастады. Ал 5 пайыздық межені еңсере алмаған «Байтақ» жасылдар партиясы мен Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) мандат бөлінісінен тыс қалды.
Сайлау нәтижесінде саяси ұйымдар өкілдерін төмендегідей құрамда ұсынды:
«Ауыл» партиясы (10 мандат):
-
Қайрат Айтуғанов — партия төрағасы
-
Шахмардан Байманов — төраға орынбасары, орталық аппарат басшысы
-
Захира Биғалиева — «IT және құзыреттіліктерді дамыту орталығы» ҚФ директоры
-
Серік Егізбаев — төрағаның бірінші орынбасары, VIII шақырылым депутаты
-
Мұрат Еркібаев — АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары
-
Ажар Қажыбекова — ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бұрынғы басшысы
-
Владимир Киян — ғалым-биотехнолог
-
Алмас Мұхаметов — Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетанің профессоры
-
Динара Райханова — «UT Print» ЖШС басшысы
-
Рабиға Тоқсейітова — «Aitas-KZ» АҚ вице-президенті
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) (8 мандат):
-
Асхат Рахымжанов — партия төрағасы, VIII шақырылым депутаты
-
Мақсұт Насыбулов — Орталық аппарат басшысы
-
Нұрайнаш Камалова — Атырау облыстық филиалының төрайымы
-
Лариса Ли — «PANA» жобасының басшысы
-
Аслан Құлмағамбетов — елордалық филиалдың экологиялық саясат жөніндегі сарапшысы
-
Арман Ақылбай — Әділет министрлігі департамент директоры
-
Наурыз Сайлаубай — жастар қанатының басшысы, VIII шақырылым депутаты
-
Ажар Сағандықова — VIII шақырылым депутаты, Әйелдер қанатының басшысы
«Ақ жол» Демократиялық партиясы (8 мандат):
-
Дания Еспаева — партия төрағасы, VIII шақырылымдағы мәжіліс төрағасының орынбасары
-
Дәурен Ахметжаев — Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты
-
Бақтыбек Бибаев — партия кандидаты
-
Асылхан Қожахметов — саяси кеңестің өңірлік жұмыс жөніндегі хатшысы, аппарат басшысы
-
Юрий Ли — VII шақырылым депутаты
-
Олжас Нұралдинов — VIII шақырылым депутаты
-
Мейраш Шынасилова — Алматы облыстық филиалының төрайымы
-
Ермекқали Юсупов — Атырау облыстық филиалының төрағасы
Respublika партиясы (9 мандат):
-
Айдарбек Қожаназаров — партия төрағасы, VIII шақырылым депутаты
-
Бекжан Айтқұлов — Түркістан облыстық филиалының төрағасы
-
Руслан Ыдырысов — «Global Food» ЖШС құрылтайшысы
-
Мейірхат Қасымбаев — «Capital Road Construction» ЖШС байқаушы кеңесінің төрағасы
-
Олжас Құспеков — партия төрағасының орынбасары, VIII шақырылым депутаты
-
Динара Наумова — VIII шақырылым депутаты
-
Екатерина Смолякова — VIII шақырылым депутаты
-
Нұргүл Тау — VIII шақырылым депутаты
-
Махамбет Хасенов — Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы
Сайлауда ең көп дауыс жинап, 110 мандатқа ие болған «Әділет» партиясы әзірге депутаттардың толық тізімін бекітіп, ресми түрде жариялаған жоқ. Заңнамаға сәйкес, партия бұл шешімді жақын күндері қабылдауы тиіс.