22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Саясат

Құрылтай сайлауы: дауыс беру бюллетені қандай болады

Құрылтай сайлауы: дауыс беру бюллетені қандай болады

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауында қолданылатын дауыс беру бюллетенінің үлгісін жариялады.

Бюллетеньге сайлауға қатысатын жеті саяси партия енгізілген:

  • «Әділет» партиясы,
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия,
  • Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы,
  • Қазақстан Халық партиясы,
  • «Ауыл» партиясы,
  • «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы,
  • «Respublica» партиясы.
1346464

Бұдан бөлек бюллетеньде сайлаушыларға арналған «Бәріне қарсымын» деген жеке таңдау нұсқасы бар.

Еске салайық, сайлауалды үгіт-насихат науқаны 23 шілде күні сағат 18:01-де басталып, 22 тамыз сағат 00:00-ге дейін жалғасады.

22 тамыз – тыныштық күні, ал 23 тамызда Құрылтай сайлауы өтеді.

Ұқсас жаңалықтар