Астанада өтіп жатқан бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясында жаңадан сайланған депутаттар салтанатты түрде ант беріп жатыр.
Еске сала кетейік, 27 тамызда Орталық сайлау комиссиясы бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың 145 депутатын ресми түрде тіркеген болатын. Ант қабылдау рәсімінен кейін депутаттардың өкілеттігі толық күшіне еніп, олар заң шығарушы органның жаңа маусымындағы жұмысына ресми түрде кірісті.